Royal Bonfire

Патша деңгейіне сәйкес жасалған

Басқаларға ұқсамайтын, тұла бойыңызды баурап, таңқалдыратын «Royal Bonfire» - нағыз салтанатты әсер сыйлайды.
Достарыңызды сұлулықпен қайран қалдырыңыз және әңгіме барысында олардың жанын осы алаумен/грильмен жылытыңыз.

Бірегей уақыт өткізу

Ыңғайлы барға арналған үстел, үлкен пісіру сақинасы және жылыту әсері бар "Патша алауы" адамдардың әңгіме-дүкен құрып, уақытты жақсы өткізулері үшін өте қолайлы.

Қазіргі заманғы атқарымды өнер

Біздің керемет әзірлемелеріміз кез-келген аулаға немесе жер теліміңізге сұлулық сыйлайды. Қос ағындардың жалыны түтінсіз отпен үйлескен кезде, "Патша алауы" атқарымды ғана емес, сонымен қатар сәнді болып көрінеді.

Инновацияның шыңы

Біздің халықаралық команда жиналып, от жағу идеясын өзгертті. Тұтынушылар біздің саладағы жетекші «Жанып тұрған қос от ағыны» технологиясының арқасында 90%-ға дейін аз түтін мен жоғары жану тиімділігін барынша пайдаланып, рахат сезіміне бөлене алады.

Дөңгелек үстел

Қонақтарды жақындастыру үшін «Дөңгелек үстелді» орнатыңыз, осылайша олар ерекше атмосферада дайындалған дәмді тағамдардан және жылы шырай, әңгімеден ләззат алады.

Шабыт

  • Патша алауы ашық гриль алаңында сәнді көрінуі үшін "дөңгелек үстел" сатып алыңыз. Ең әдемі гриль үстелін қамтамасыз етуге кепілдік беретін термиялық өңдеуден өткен қарағаш ағашының 5 әдемі тақтасынан (слэбінен) және жоғары сапалы бекіткіштерден жасалған. Егер сіздің мақсатыңыз демалып, уақытыңызды жақсы өткізу немесе маңызды бизнес әріптестерін таң қалдыру болса, онда үстелі бар бұл гриль дәл сізге арналып жасалған. Түтінсіз оттың айналасында стейктер мен асшаяндарды дайындаңыз, сыра немесе бір стақан шарапты ұрттап алыңыз да, Патша алауы дөңгелек үстелінің айналасында орналған жылы, еркін атмосферадан ләззат алыңыз.

Материалдар

  • Жоғары сапалы, термиялық өңделген Қарағаш ағашының 5 тақтасынан (слэбінен) жасалған. Осының барлығы үстелді кез-келген ауа-райына төзімді етеді.
  • Соңғы өңдеу: тіпті ең қолайсыз жағдайлардың өзінде оны ұзақ пайдалануға кепілдік беру үшін Италияда арнайы жасалған маймен сіңдірілген.
  • Таңдауға болатын кронштейндер: 304 маркалы тот баспайтын болаттан жасалған әрлеу немесе премиум сападағы қара ұнтақ жабыны.

Барлығына арналған орын

"Side Table" аксессуарларының шкафы "Royal Bonfire" барлық керек-жарақтарын орналастыру үшін мұқият жасалған және де өте тартымды болып көрінеді.

Өзіңіз орнатыңыз

Сақтауға болатын керек-жарақтар:

  • Дөңгелек үстел
  • Гриль торы
  • Гриль керек-жарақтарына арналған тірек
  • Отқа арналған көсеу
  • Шампур 50 см
  • Торды көтеру құралы
  • Кез-келген ауа-райына арналған жабын
  • Ағаш тақтай

Сіз үшін жеке

Өзіңіздің "Патша алауыңызды" орнатыңыз және оны өзіңіз үшін мінсіз етіңіз. Ағаштың түсін, бояу түсін немесе кронштейндерді таңдаңыз. Тиісті барға арналған орындықтарды немесе ағаш тұғырларының жиынтығын қосып, оны сіздің аулаңызға керемет үйлесетін қосымша ретінде орнатыңыз.

Патша алауы